Жиі қойылатын сұрақтар
Cіздер неліктен бұл іспен айналысасыздар?
Біз қарапайым отабасында жетілдік, жай аймақтық мектептерде оқыдық, біздің кейбір туысқандарымыздың да компьютерлері немесе балаларын қашықтан оқытуға толыққанды мүмкіндіктері жоқ. Ең алғаш компьютер сатып алған сәт жақсы есімізде. Ең алғашқы ғаламторға кіру мүмкіндігі. Біздің ойымызша, сол кездері біздің жақындарымыз бізде компьютер болғанын қамтамасыз етпесе, қазірде бәрі басқаша болуы мүмкін еді. Соңғы жылдары біз ескі техниканы және смартфондарды жиі кіші бауырлырымызға береміз, себебі жаңасын сатып алуға әрдайым жағдай бола бермейді. Карантинде үйде қамалып отырған кезде, оқуға/жұмысқа арналған жеке бөлмесі, компьютері, смартфоны және тұрақты интернетті барлардың қаншалықты басымдылыққа йе екенін түсіндік. Сондай-ақ 300 000 баланың білім алуға мүмкіндігі жоқ екенін түсіндік. Бұл көбірек басымдылыққа йе құрдастарынан бағдарлама бойынша артта қалатын сандаған мектеп оқушылары.
Мақсаттарыңыз қандай?
Біз Connect-Ed бастамасын тек бір үлкен мақсатпен бастадық-өзімізге қарағанда мүмкіншілігі азырақ адамдарға көмектесу. Өкінішке орай, бүгінгі күні бұл артықшылық – компьютерге, смартфонға ие болу, сапалы білімге қол жеткізу болып отыр. Біз әр баланың осындай мүмкіндіктері болғанын қалаймыз.
Сіздердің жобаларыңыз қалайша тұрақты бола алады?
Біз бұл туралы жиі ойланамыз. Компаниялар мен тұрғындар тарапынан қайырымдылықтың тұрақты ағымы болмаса да, барлық жұмысты еріктілердің күшімен қолдауға болады. Егер ай сайын тіпті 10 адамнан 1,000 теңгеден болса да қайырымдылықтар түссе, бұл платформа хостингін қамтамасыз етуге және еріктілердің көлік шығыстарының бір бөлігін жабуға мүмкіндік береді. Біз қашықтықтан оқытуға мұқтаж оқушыларға көмектесу үшін және өз компьютерлерімізді, планшеттерімізді және телефондарымызды қауіпсіз есептен шығару үшін ірі де, кіші де компаниялармен серіктес болуға қуаныштымыз.
Неліктен сіздерге сенуге болады?
Біз әрбір донордың алдында жұмсалған қаражат бойынша есеп береміз. Өз техникасын сыйға тартқан немесе ақша аударған адамдардың көбісі- бұл біздің достарымыз бен таныстарымыз, және олар қайырымдылықтың соңғы адресатқа-балаға жететініне сенімді. Сіздер барлық статистиканы көре аласыздар - жүздеген адамдар өз үлестерін қосты және бізге сенім артып отыр.
Мен қалай техника ала аламын?
Егер сіз балаңызға компьютерді өз есебінен сатып алуға мүмкіндігі жоқ мұқтаж отбасынан болсаңыз, онда сіз біздің серіктес - өзара көмек орталығ- helpcenter.life сайтына кіруіңіз керек. Өтініш формасын толтырыңыз және оны өңдегеннен кейін серіктестеріміз бізге мұқтаж отбасылардың тізімін ұсынады. Содан кейін кезек тәртібімен және техниканың келіп түсуіне қарай біз оны курьерлік қызмет арқылы жібереміз.
Мен Helpcenter.life. сайтында өтінімді толтырдым. Менімен ешкім байланысқа түскен жоқ. Маған не істеу керек?
Күтуіңізді сұраймыз, өйткені еріктілер өте көп өтінімдерді өңдейді, содан кейін сіздің тарапыңыздан растайтын құжаттар сұралатын болады.
Сіздерден көмекті қанша уақыт күту керек?
Бұны болжау өте қиынға түседі. Кем дегенде, сіз шамамен бір ай күтуіңіз керек. Көп нәрсе қайырымдылықтың қайырымдылық жасаушылардан қаншалықты белсенді түсетініне байланысты. Біз өз кезегімізде сізге техниканы барынша тез жеткізуге тырысамыз.
Бұл мәселені белсенділер емес, мемлекет шешуі қажет!
Адамдарға көмектесетін коммерциялық емес ұйымдар мен қайырымдылық қорлары барлық елдерде, тіпті ең бай және әлеуметтік қорғалған мемлекеттерде де бар. Мемлекеттен көмек әрдайым тез түсе бермейді, өйткені мемлекеттік аппарат үлкен және күрделі құрылым. Қорлар мемлекетке туындаған мәселелерді тезірек шешуге көмектеседі және мемлекеттік аппараттың назарын қоғамның қазіргі проблемаларына аударуға ықпал етеді. Осылайша, біз Connect-Ed ретінде мемлекетке және адамдарға Қазақстандағы цифрлық теңсіздік проблемасын тезірек шешуге көмектесе аламыз. Сонымен қатар, қайырымдылық бейтаныс адамдарды біріктірумен, бір-біріне сенуге ықпал етумен, азаматтық сананы қалыптастырумен және қиын жағдайларда ынтымақтасуға және көмектесуге әсер етумен де маңызды.
Мен сіздерге қалай қолдау көрсете аламын?
Ең оңай жолы-біз туралы ақпарат тарату. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің техникаңызды (оның жұмыс істеуі маңызды) біздің сайтта connect-ed.kz өтініш толтыру арқылы қайырымдылыққа бере аласыз. Сонымен қатар GoFundMe платформасы арқылы ақша өткізе аласыз. Егер сіздің бос уақытыңыз немесе жобаны жақсарту туралы идеяларыңыз болса - біз сізді әрқашан тыңдауға дайынбыз. Біздің электрондық поштамызға -info@connect-ed.kz немесе Instagram, Facebook әлеуметтік желілерімізге жазыңыз.