Жария шарт-оферта
12 қазан 2020 жыл
Серіктестік жайлы
Мұқтаж отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға гаджеттерді (ноутбук, смартфон, iPad- басқа да “гаджет”) ұсына отырып, біз (Connect-Ed) балалардың ұсынылған гаджеттерді білім алу мақсатында қолдануын қадағалау қажеттігін түсінеміз. Бірақ біздің миссиямыз мұнымен аяқталмайды. Ата-аналар мен мектеп оқушыларының гаджеттерді қолдануымен қатар, цифрлық сауаттылығана да көңіл бөлу маңызды. Осы мақсатта, Connect-Ed командасы техниканы белгіленген мақсатта пайдалану бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді енгізуді жоспарлап отыр. Тексеру келесі әдістермен жүзеге асырылатын болады:
Техниканы алушылар ұсынылған цифрлық гаджетті оқушылар білім беру мақсатында пайдаланатыны және техниканың үшінші тұлғаларға берілмейтіні туралы құжатқа қол қояды.
Алушылар тұрақты түрде, команданың сұрауы бойынша, фото немесе видео есептер (айына 3-6 рет) жіберіп тұратын болады. Есептер гаджетті алғаннан кейін екі жыл бойы сұралып тұратын болады.
Connect-Ed командасы мерзімді түрде (тоқсан сайын) гаджеттің қолданылуы туралы ата-аналармен байланыса алады. Бұл техникалық ақаулар анықталған жағдайдағы бақылау мақсатында жүргізіледі. Бұл тармақ гаджеттің бала мен отбасыға құндылық әкелетінін және оқу мен даму мақсатында қолданылатынын қамтамасыз етеді.
Техниканы алушы тұлғалар (бенефициарлар) “Ноутбукты қалай қолданады”, “Microsoft Word және Google бұлтты қызметтерін қалай пайдалануға болады”, “Гаджетті ғаламторға қалай қосады” және т.б тақырыптардағы цифрлық сауаттылық бойынша онлайн сабақтар мен вебинарларды өтуге міндетті болады. Мұндай онлайн сабақтарға қосылу отбасына берілген гаджет арқылы ұсынылады.
Гаджеттерді пайдалануды бақылаудың мүмкін әдістері жоғарыда көрсетілген. Connect-Ed командасы қажет болған жағдайда оларға бір жақты өзгертулер енгізу құқығына йе.
Директор Қорданова Г.
“Connect-Ed” қоғамдық қоры