Біз балаларға қармақ береміз.
Біз цифрлық теңсіздікті, ноутбуктар мен басқа да техникаларды жинау, сатып алу мен оларды мұқтаж, бірінші кезекте, ерекше білім алу қажеттіліктері бар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оқушылардың арасында үлестіру арқылы жоюға үлес қосамыз.
Сіз қазақстандық студенттерге жіберіп алған нәрселерін алуға көмектесе аласыз ба?
#Inclusivity
Біздің мақсатымыз - 2020 жылдың соңына дейін компаниялар мен Алматы қаласы тұрғындарынан 1,000 бірлік компьютер техникасын жинау және оларды мұқтаж оқушыларға үлестіру.
Біз бұл жұмыспен неге айналысып жатырмыз?
Біз еліміздің барлық оқушылары қашықтықтан және онлайн оқытуды жалғастыру үшін қажетті ресурстарға ие болуына ұмтыламыз.
2020 жылы әрбір балада сапалы білім алу мүмкіндігі болу керек. COVID-19 тудырған дағдарыс барлық баланың мүмкіндіктері тең еметігін көрсетті.
Әлемнің сәл әділетті бола түсуі мен Қазақстандық оқушылардың толыққанды біліммен қамтамасыз етілуі біздің қолымызда.
Бүгінгі таңда Connect-Ed 169 техниканы Алматы облысының әр өңіріндегі оқушыларға тарту етті.
Біз қалай жұмыс жасаймыз?
Біз цифрлық теңсіздікті бірге жеңеміз!
Сіз өтініш толтырасыз!
Біздің маманымыз ақпаратты нақтылау үшін сізбен байланысады.
Курьер сізден компьютерді (техникалық құрылғыны) алып кетеді.
Немесе өзіңіз жеткізсеңіз болады.Біздің маман компьютерді тазалап баптайды.
Қажет болған жағдайда толыққанды жұмысына керекті қосалқы жабдықтарды сатып аламыз.Ноутбуктарды мұқтаж балаларға таратамыз*.
Мұқтаж балалардың тізімі біздің серіктесімізбен Helpcenter.life-мен бірлесіп жасалады.