Біз кімге көмектестік?
Ашықтық және есеп беру
Қайырымдылық жұмысының негізгі қағидаларының бірі - абсолютті ашықтық пен есеп беру. Біз әр теңгеге және әрбір жабдыққа ризамыз. Сіздер біздің қаһармандарымызсыздар. Біздің міндетіміз - өзімізге деген сенімділікті ояту және іс жүзінде артқан сенімдеріңізді дәлелдеу.
Бізге деген қолдауларыңыз үшін рахмет және үлкен тағзым. Ол алға жылжуға күш береді. Біздің топ балаларды қашықтықтан білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Кейде беріле салу оңай боп көрінгенімен, балалардың қуанышты көздері, олардың ата-аналарының және қамқоршыларының алғыс сөздері, біздің еріктілердің адал еңбегі және «қолжетілген» ноутбук - осының бәрі үлкен күш-жігер мен біз тек қана бірлесе отырып білім беру мен сандық жүйесінде әділеттілікке қол жеткізе аламыз деген сенімділікті оятады.
Бастапқы кезеңде, компаниялар мен халықтан компьютерлерді жинау географиялық тұрғыда Алматы қаласымен шектелге. Мұқтаж балалар тізімі Алматы облысының білім басқармасы және басқа серіктестермен бірлесе отырып жасалады. Сіз бізбен мұқтаж балалар туралы ақпарат беру үшінде байланыса аласыз, біз өз кезегімізде әр баланың цифрлық технологиялармен қамтамасыз етілуі үшін барымызды саламыз.